«Бұл шаралар халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздық көрсеткішінің ұлғайып кетпеуіне мүмкіндік берді. Өткен жылдың басынан бастап, 2,4 млн. жұмысшыларды қамтыған 105 557-ге жуық меморандумға қол қойылды. Қол қойылған келісімдер 1,9 мыңға жуық ірі кәсіпорындарды (жалпы көрсеткіштің 83 пайызы), 103,9 мыңнан аса орта және шағын кәсіпорындарды (жалпы көрсеткіштің 59 пайызы) қамтыды», - делінген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметінде.
Атап айтқанда, аймақтар бойынша меморандумдардың басым көпшілігі Қостанай және Ақмола облыстарының кәсіпорындарымен жасалды. Қостанай облысында жұмысшылар саны 166,5 мың адамды құрайтын 6 мың 323 кәсіпорынмен келісім жасалды. Ақмола облысында 90,1 мыңнан аса қызметкері бар 4 мың 789 ұйыммен меморандум бекітілді.
17:29, 18 Сәуір 2016
2016 жылы Қазақстанда жұмыс орындарын сақтау бойынша 30 мыңнан астам меморандум бекітілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 18 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, жұмыс орындарын сақтау бойынша облыс әкімдіктері, Астана, Алматы қалаларымен, сондай-ақ жұмыс берушілер және өндіріс орындарының кәсіподақтарымен өзара ынтымақтастық туралы 30 207 меморандум жасалды.