ҚР Ұлттық экономика министрлігі ақпаратына сәйкес 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7718,8 млрд. теңгені құрады. Бұл 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 5,1 пайызға артық. 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 18559,2 млрд. теңге болды. Бұл 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 1,1 пайызға аз. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,7, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,4 пайыз артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 2,7, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 4,6 пайыз төмендеді.
2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3615,8 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 5,5 пайызға артты. 2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,8 пайызды құрады.
2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 514,7 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) немесе 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанға 100,5 пайызды құрады. Жолаушылар айналымының көлемі 264,1 млрд. жкм құрап және 4 пайызға өсті.
2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 98, «Сауда» саласы бойынша 98,6 пайызды құрды.