«2016 жылғы мамыр айында инфляция 0,5 пайызды құрады. Өткен жылы осы кезеңде инфляция деңгейі 0,3 пайызды құраған болатын. Ал 2016 жылы қаңтар-мамыр айында инфляция деңгейі 4,2 пайыз болды. Жылдың басынан бастап, азық-түлік тауарларының бағасы 4,3 пайызға, азық-түлік тауарларына жатпайтын тауарлар 4,2 пайызға, ақылы қызмет көрсету 4 пайызға өсті», - деді Д. Ақышев.
Айта кетелік, өткен мамыр айында азық-түлік тауарлары 0,4 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,7 пайызға қымбаттады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,5 пайызға өскен.