Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда «Денсаулық», «Жәрдем» мен «Саламатты Қазақстан» атты үш медициналық пойыз қатынайды.
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы әлеуметтік жобаларды қаржыландыру аясында «Денсаулық», «Жәрдем» мен «Саламатты Қазақстан» атты үш медициналық пойыздарын жүзеге асыруға 300 миллион теңге бөлінді», - деді Л.Диас.
Оның айтуынша, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жобаның техникалық қамсыдандырылуын қамтамасыз етті, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті өңірлерде халыққа қызмет көрсететін мамандарды тартып отыр.
Баспасөз мәслихатында, пойыздар халық арасында үлкен танымалдылыққа ие.
Мәселен, «Жәрдем» диагностикалық пойызы арқылы биыл 23 мамыр мен 25 шілде аралығында Батыс Қазақстан облысының 6943 тұрғыны медициналық тексеруден өткен.
ФОТО: Виктор Федюнин © 2016 «ҚазАқпарат»