Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылы 46 кәсіпорында 247 жұмысшы қысқарды, оның ішінде 193 адам немесе 80 пайызы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Әкімнің атап өтуінше, ағымдағы кезеңде толық емес жұмыс күні алаңдаушылық тудыруда. Павлодар облысында қазіргі кезде бес кәсіпорында 616 адам толық емес жұмыс күні тәртібінде қызмет атқаруда.
«Тағы12 кәсіпорында 96 жұмыс орнының қысқаруы болуы мүмкін. Біз кәсіпорындардың басшыларымен үнемі байланыстамыз, яғни бұл мәселені бойынша белсенді бақылау жүріп жатыр. Адамдар жұмыспен қамтылатын болады. Өткен жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрады. Биыл жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан аспайды деп пайымдаудамыз»,-деді облыс әкімі.
Қ.Бозымбаевтың сөзіне қарағанда, облыста 11,3 мың жұмыс орындары құрылатын болады, оның ішінде 5,3 мыңы ағымдағы жылы ашылмақ.
«Сондықтанда жұмысынан босап қалған қызметкерлердің мамандығы сәйкес келіп жатса, олар бос орындарға ауысады. Егер де сәйкес болмаса, онда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қайта оқытып, осы жұмыс орындарына бағыттаймыз»,-деді ол.