2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындары билеттерінің құны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына сатылатын билеттердің басым бөлігінің бағасы 40 доллардан аспайды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың айтуынша, 2016 жылы Олимпиада ойындарына барлығы 7 млн. билет сатылмақ.

«Соның ішінде 4 миллион билеттің құны 40 доллардан асырылмай сатылады. Студенттерге үшін билет бағасы 15-20 доллар көлемінде болады», - деді Т.Бах.