2016 жылы Жерорта теңізінде 5 мыңға жуық мигрант мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жетпек болған 5 мыңға жуық мигрант орта жолда ажал құшты немесе із-түзсіз жоғалып кетті.

Бұл туралы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері мәлімдеді. Құрбан болғандардың басым бөлігі Солтүстік Африка елдерінен Италияға жол тартқандар. Жалпы Еуропалық одақ аумағына 1 қаңтардан бастап 386 мың босқын табан тіреген. Олардың денін Грекия мен Италия қабылдаған. 

"Хабар 24" арнасы.