2017-інші жылғы Қысқы универсиаданың басталуына 31 күн қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы төрінде өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиада - 2017 ойындарының басталуына 31 күн қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Табалдырықтан аттағалы тұрған тауық жылының 29-шы қаңтары мен 8-ші ақпаны аралығында өтетін додаға Алматы тас-түйін дайын.

Естеріңізге сала кетейік, Қысқы универсиада бағдарламасына мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы, сноуборд, биатлон, шаңғымен жарысу, шайбалы хоккей (әйелдер мен ерлер арасындағы), керлинг, шаңғымен трамлиннен секіру, шаңғы қоссайысы, конькимен жүгіру спорты, фристайл секілді 12 спорт түрі кірген.

Жарыстарға 2 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Универсиада өткізілетін уақытта 3 мың ерікті, оның ішінде шетелдік еріктілер де атсалысады. Студенттер арасындағы спорт ойындарына 30 мыңға жуық отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде. Сайыстарды әлемнің 80 еліндегі 1 млрд. адам теледидар арқылы тамашаламақ.