2017 жыл Елбасының дәуірге татитын жеңістерімен есте қалды - Нығматулин
«Өтіп бара жатқан 2017 жыл қазақстандықтар үшін үлкен үміттердің ақталған, Нұрсұлтан Назарбаевтың дәуірге татитын жеңістерінің тағы бір жылы ретінде есте қалады. Ағымдағы жылы Елбасы конституциялық реформа арқылы өзінің маңызы жағынан баға жетпес саяси жаңғыру процесіне бастамашы болды. Және де біз аталған реформаны жүзеге асыруға бағытталған заңдарды қарап, қабылдадық», - деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс спикерінің айтуынша, ел Президентінің өте үлкен халықаралық беделіне Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуы, Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің, ШЫҰ, ИЫҰ саммиттерінің, Сирия жанжалын бейбіт реттеу жөніндегі Астана процесінің өтуі дәлел бола алады.
Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин барлық фракциялар мен депутаттардың конструктивті және тиімді жұмысының арқасында Мәжіліс 2018 жылы Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарына кезең-кезеңімен әрі сапалы заңнамалық қолдау көрсететіндігіне сенім білдірді.