2017 жылдан бастап Қазақстан толығымен еуростандарт бензинімен қамтамасыз етіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдан бастап Қазақстан толығымен еуростандарт бензинімен қамтамасыз етіледі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлімдеді.

Министрдің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың алты айында 7,2 млн. тонна мұнай өнімдері өңделді. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 100,5 пайызды құрайды.

«Қазіргі таңда қазақстандық үш мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2016 жылы аяқталады деп күтіліп отыр. Нәтижесінде 2017-2022 жылдары Қазақстан толығымен Еуро-4, Еуро-5 стандарттарындағы бензинмен, дизельдік отынмен, авиакеросинмен қамтамасыз етілетін болады», - деді министр Ұ. Қарабалин.