Халықаралық ғарыш станасасының бағдарламасы бойынша 2017 жылғы бірінші тоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағынан екі ұшырылым жүзеге асырылады деп жоспарлануда.
21 ақпанда ХҒС-қа «Прогресс МС-05» көліктік жүк кемесі ұшады. 27 наурызда кезекті экспедициямен «Союз МС-04» көліктік басқарылатын кемені ұшыру жоспарлануда.
Коммерциялық бағдарламалар бойынша 2017 жылғы қаңтар-наурызда 2 ұшырылым жоспарланған: біріншісі Байқоңыр ғарыш айлағынан, екіншісі Гвиан ғарыш орталығының Куру ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру.
Бірнеше рет кейінге қалдырылған EchoStar 21 («ЭкоСтар-21») ғарыш аппаратымен «Протон-М» ЗТ ұшыратын күн жайында қосымша хабарланады, деп атап өтті Роскосмос баспасөз қызметі.