2017 жылдың ең көп ақы төленген актерлері белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes журналының нұсқасы бойынша америкалық Марк Уолберг 2017 жылдың ең ең көп ақы төленген актері атанды.

Бір жыл ішінде Уолберг 68 миллион доллар тапқан. Әртіс соманың көп бөлігін "Здравствуй, папа, Новый год! 2" және "Трансформеры: Последний рыцарь» фильмдері арқылы алды.


Екінші орында Дуэйн "Скала" Джонсон. Ол "Спасатели Малибу" мен "Джуманджи" фильмдері, сонымен бірге «Футболисты» сериалы арқылы 65 миллион доллар тапқан.


Үшінші орынды 54,5 миллион доллармен Вин Дизель иеленді. Оның кірісіне «Форсаждың» сегізінші бөлігіндегі және «Три икс» франшизасының үшінші фильмінде түсуі, сонымен қатар, "Стражи Галактики"сиквеліндегі Грут деген кейіпкерді дыбыстағаннан алған қаржысы енген.

Сонымен қатар, алғашқы ондыққа Адам Сэндлер (50,5 млн доллар), Джеки Чан (49 млн), Роберт Дауни-кіші (48 млн), Том Круз (43 млн) және үш боливудтық актер - Шахрукх Кхан (38 млн), Салман Кхан (37 млн) және Акшай Кумар (35,5 млн) енген. 2017 жылдың ең қымбат актрисасы Эмма Стоун. Ол 12 айда 26 млн доллар табыс тапқан.