Қаңтар айында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша 1 548 адам жауапкершілікке тартылып, оның 1416-сына 31,6 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Сонымен қатар 129 адам көлік құралдарын жүргізу туралы арнайы құқығынан айырылды, 3 адамға әкімшілік қамау шарасы қолданылды.
ҚР ҚК 345-бабы бойынша, (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) қаңтар айында 471 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 45-іне қатысты іс сотқа жіберілді.
Өткен айда ең көп ЖКО Алматыда тіркеліп, қалада 328 көлік апаты орын алды. Ал өлім-жітім бойынша Алматы облысы алдыңғы орында тұр, онда 21 адам жол апатынан қаза болды.