2017 жылғы 20 қаңтардан кейін Обаманың аккаунттары кімге қалады
Бұл туралы ShareAmerica жобасынан хабарланды. «Обама басшылыққа көптеген әлеуметтік желілер таныла бастаған тұста келді», - деді Ақүйдің сандық стратегиясын әзірлеген Мейкон Филлипс (қазіргі уақытта Филлипс ShareAmerica веб-сайтын басқаратын АҚШ мемлекеттік департаментінің Халықаралық ақпараттық бағдарламалар бюросының үйлестірушісі). Facebook-тағы президенттің твиттері мен посттарын мұрағаттау - Ақ үйдің жаңа міндеті.
АҚШ-та президенттік құжатты билікке бейбіт тапсыру және сақтау дәстүрі бұрыннан келе жатыр. Обаманың әлеуметтік медиасына қатысты айтар болсақ, Ақ үй бұл дәстүрді ұстанады. «Қазіргі аккаунттар да көлік тұрағы мен кеңсе заттары сияқты барлық жазылушылармен жаңа президентке беріледі, - деп түсіндірді Филлипс.
Жаңа әкімшілік бұл активтерге кедергісіз кіріп, қажет кезінде пайдалана алуы тиіс.
20 қаңтарда 11 миллион пайдаланушылармен @POTUS твиттер-мекенжайға АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп басшылық жасайтын болады. Бұрынғы президент Барак Обаманың жалпыға қолжетімді твиттер-мұрағаты ретінде АҚШ Ұлттық мұрағаттар және құжаттама басқармасы @POTUS44 жаңа аккаунтын ашады. Одна оның жеке твиттері орналасады. Осындай мұрағаттарда Facebook, Instagram басқа да әлеуметтік желілердегі Обаманың аккаунттары сақталады.