2017 жылғы білім гранты иегерлерінің жаңа тізімі жарияланды
02:07, 14 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігі республикалық комиссиялық шешімін қайта қарап, 2017 жылғы білім гранты иегерлерінің тізіміне түзетулер енгізді, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» газеті.
Ескеретін жайт, 10 тамыз күні жарық көрген тізімдегі талапкерлердің бәрі өз гранттарын сақтап қалды. Өзгеріс қосымша гранттарға байланысты. Тізімді мына сілтемеден жүктеп алуға болады.