Салтанатты табыстау рәсімі дүйсенбіде Нью-Йоркте өтті, деп хабарлайды ТАСС.
Брана "Валландер" сериалындағы рөлі үшін үздік актер атанса, Фрил "Марчелла" сериалындағы жұмысы үшін наградаға ие болды.
Үздік деректі жоба ретінде британдық Би-би-си телерадио хабар тарату корпорациясының EXODUS: Our Journey to Europe сериалы марапатталды. Бұл сериалда Еуропаға бет түзеген қашқындардың оқиғасы айтылады. Үздік драмалық сериал болып норвегиялық Mammon II танылды.