2017 жылғы Қазақстан экономикасының болжамды өсімі жария етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы ел экономикасының өсімі 2,5 пайыз деңгейінде болады деп жоспарлануда. Бұл туралы «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңды таныстыру кезінде ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЖІӨ өсімі 2017 жылы 2,5 пайыз болады деп болжап отырмыз. Мұнай бағасының өсімі көтерілуі мен 2016 жылғы қайта есептеулер негізінде осындай болжамға келдік. Себебі 2016 жылы біз оны біршама аз деңгейде болады деп болжаған едік. Қазір статистиканы санауды аяғына дейін жеткізіп, мұнай мен металл бағасының өсімін көріп отырып, бұл бізге өсім береді деп жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Айта кетейік, бұның алдында ҰЭМ бұл өсім 1,9 пайыз көлемінде болады деп болжаған еді.