2017 жылғы Қазақстан премьер-лигасының үздіктері анықталды

Фото: None
АСТАНА.ҚазАқпарат - 2017 жылғы футболдан Қазақстан чемпионатының үздік номинация иегерлері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына сілтеме жасап.

Премьер-Лиганың үздік номинацияларын анықтауға барлық клуб басшылары мен бас бапкерлері және команда капитандары дауыс берді. 

Қортындысында «Астананың» 6 ойыншысы және «Қайраттың» 4 ойыншысы ТОП 10 ойыншылар қатарынан көрінді. «Қайраттың» экс-шабуылшысы Жерар Гоу 41 ұпай жинап «2017 жылғы Қазақстан премьер-лигасының үздік ойыншысы» номинациясын жеңіп алды. Сондай-ақ, Жерар Гоу 2017 жылы чемпионатта 24 гол соғып, премьер-лиганың үздік сұрмергені атанды. 

ТОП-10 үздік ойыншы
 

1. Жерар Гоу, «Қайрат» - 41 ұпай

2. Патрик Твумаси, «Астана» - 29 ұпай

3. Дмитрий Шомко, «Астана» - 25 ұпай 

4. Джуниор Кабананга, «Астана» - 17 ұпай

5. Андрей Аршавин, «Қайрат» - 14 ұпай

6. Серікжан Мужиков, «Астана» - 13 ұпай

7. Юрий Логвиненко, «Астана» - 12 ұпай

8. Иван Маевский, «Астана» - 11 ұпай

9. Исаэль, «Қайрат» - 10 ұпай

10. Бауыржан Исламхан, «Қайрат» - 9 ұпай

  «Үздік жаттықтырушы» номинациясы бойынша «Астана» клубының бас бапкері Станимир Стойлов 84 ұпаймен жеңіске жетті.

ТОП-5 үздік жаттықтырушы
 

1. Станимир Стоилов, «Астана» - 84 ұпай

2. Карлос Алос Феррер, «Қайрат» - 33 ұпай

3. Алексей Петрушин, «Ордабасы» - 25 ұпай

4. Саулюс Ширмялис, «Шахтер» - 22 ұпай

5. Вахид Масудов, «Ақжайық» - 14 ұпай

«Тараздың» жартылай қорғаушысы Бахтияр Зайнутдинов «Үздік жас футболшы» және «2017 жылы маусымның ашылуы» екі номинациясын қанжығаға байлады.

2017 жылдың ең үздік жас футболшысы
 

1. Бақтияр Зайнутдинов, «Тараз» (19 жас) - 49 ұпай

2. Максим Федин, «Окжетпес» (21 жас) -  31 ұпай.

3. Юрий Перцух, «Ақжайық» (21 жас) - 30 ұпай

4. Дидар Жалмұқан, «Астана»/«Тобол» (21 жас) - 27 ұпай

5. Еркебұлан Сейдахмет, «Тараз» (17 жас) - 14 ұпай

«Маусым ашылуы» номинациясы

1. Бақтияр Зайнутдинов, «Тараз» - 16 дауыс

2. Юрий Перцух, «Ақжайық» - 6 дауыс

3. Магомед Парагульгов, «Қайрат» - 3 дауыс

Соңғы жаңалықтар