2017 жылғы самбодан әлем чемпионты Сочи қаласында өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы самбодан әлем чемпионаты Ресейдің Сочи қаласында өтеді, ал 2018 жылы жарысты Италияның Милан қаласы қабылдайтын болады, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл туралы Халықаралық самбо федерациясының (ФИАС) президенті Василий Шестаков айтты. 2014 жылғы Олимпиада астанасында аталмыш турнирді өткізу туралы шешім Рига қаласында өткен ФИАС атқару комитетінің отырысында талқыланды. Дәл қазір осы қалада самбодан жастар арасында әлем чемпионаты өтуде. Еске салайық, биылғы жылғы самбодан әлем чемпионаты Касабланкада (Марокко) 13-15 қарашада өтеді. Фото: © Станислав Красильников