Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Наиль Нұров 1967 жылдың 21 мамырында дүниеге келді. Алматы қаласындағы Қазақстандық денешынықтыру және спорт институтын жаттықтырушы-оқытушы мамандығы бойынша тәмамдады. Сондай-ақ Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтында заңгер мамандығы бойынша білім алды.
Түрлі жылдары Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының директоры, «Медеу» мұз айдынының директоры, Алматы қаласындағы Туризм және спорт басқармасының бастығы, «2011 жылғы 7-ші қысқы Азиада ойындарын және Олимпиада алауы эстафетасын ұйымдастыру және өткізу бойынша қалалық дирекция» МҚКК-ның директоры, Астана қаласындағы «Алау» мұз сарайының басшысы қызметтерін атқарды.