Оларды іріктеу 2017 жылы сәуірде басталған «Жас өркен» екіжылдық бағдарламасы аясында өтеді. Бұл қордың дарынды жастарды тарту, іріктеу, тағылымдамадан өткізу, оқыту, дамыту бойынша бастамасы.
«Бағдарлама қордың Қазақстаның барлық ЖОО-лары түлектерінің ішінен 20 түлекті, ҚР азаматтарын іріктеуді қарастырады. Сосын екі жыл ішінде өз компанияларында білім алады, тағылымдамадан өтеді. Талап - олар ҚР азаматы, биылғы түлек болуы тиіс. Негізгі талап - жастардың әлеуетінің жоғары болуы. Олардың көшбасшылық, талдау-ойлау жүйесі мықты дамығаны, алдына үлкен жоспар қойып, білім алуға қабілетті болуы талап етіледі», - деді «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеттің директоры Гүлмира Раисова.
Іріктеудің төрт кезеңі көзделген, біріншісі - www.skcu.kz/zhasorken сайтына өтінім беру, ол 2017 жылғы 1 шілдеге дейін созылады. Байқау Қазақстанның барлық ЖОО-лары, барлық мамандықты қамтиды.
Отандық ЖОО-лар жиырма үздік түлегіне қор «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінде, Мәскеудегі Deloitte білім беру орталығында оқуды ұсынады. Одан әрі жас мамандар елдің жетекші ұлттық компанияларынан тағылымдамадан өтуге жіберіледі.
Қорда хабарлағандай, оқыту бағдарламасының ұзақтығы 5 апта, тағылымдама - 20 ай («Самұрық-Қазына» компания тобының төрт түрлі кәсіпорындарында 5 айдан). Барлық кезеңде тағылымдамадан өтушілерге стипендия, тағылымдамадан өту орнына ақы төленеді, тұратын орнының шығысы өтеледі.
«Жобаның басты ерекшелігі - бұл студенттерге мансап жолында көмек беріп қоймайды. Осы жастарды таңдап, екі жыл ішінде оқытып, олардың мансабында өсуін қадағалаймыз, олар барлық уақытта дамуы тиіс. Нәтижесінде, 15-20 жылдан соң компанияны басқаратын топ-менеджерлерге айналады», - деді ол.
Өз кезегінде, қор департаменті дәстүрлі салаларды цифрлау бойынша жоба әзірлеуде. «Қазір біз «Самұрық-Энерго» нысандарының бірінде пилоттық жобаны пысықтап жатырмыз. Оған «Өнеркәсіп 4.0» енгізіп, осы нысанның тиімділігін арттырғымыз келеді», - деп атап өтті Бастама іздеу департаментінің директоры Жанболат Кәкішев.
Қорға жаңа кадрлық саясат трансформация бағдарламасы аясында енгізілді. Нәтижесінде қордың кадрлық құрамы 40 пайызға жаңартылды.