«2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында Ақтау портының астық терминалы арқылы экспортқа 492 мың 295 тонна бидай шығарылды. 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, теңіз арқылы экспортқа жалпы салмағы 523 тонна бидай жөнелтілді. 2015 жылы бұл көрсеткіш 501,4 тоннадан асып жығылған»,-деп түсіндірді компания өкілдері.
Қазақстандық бидайды экспорттауға болатын болашағы зор бағыттардың бірі - Қытай мен Иран болып отыр. Порт арқылы Иранға бидай жеткізу перспективасы кеміп барады. Себебі аталған елге қарай Өзен- Түркменстанмен мемлекеттік шекара - Иран жаңа теміржол бағыты салынған.
Ақтау портындағы бидай терминалы 2002 жылы салынған.