Швейцарияның Swiss Re сақтандыру компаниясы жасаған есепке сүйенсек, табиғи апаттардан келген шығын көлемі 2017 жылы 63 пайызға, яғни 188 ден 306 млрд долларға дейін өскен.
Табиғи апат түрлеріне ең көп ұшыраған Америка құрлығы. Биыл Харви, Ирма, Мария дауылдарының Кариб аралдары мен АҚШ-тың оңтүстігіне ойран салып кеткені туралы жағдайлар жиі тіркелген. Оның үстіне Мексикадағы жер сілкінісі мен Калифорниядағы өртті қосыңыз.
Табиғи апаттардан зардап шеккен адамдар өсімі байқалған жоқ. Олардың саны - 11 мыңның көлемінде.
Харви, Ирма және Мария дауылдарының сақтандыру шығынын төлеу көлемі 93 млрд долларға бағаланған.