Есепке сәйкес, 2017 жылы әлемдегі туристердің саны 2016 жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға көбейіп, 1,322 млрд адамға дейін өскен. Бұл - 2010 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш.
Туристік ағынның максималды өсімі 8 пайыздық көрсеткішпен Еуропа және Африка елдеріне тиесілі болды. Азия-Тынық мұхит өңірлері - 6 пайыз, Таяу Шығыс - 5, және Америка елдері үш пайызды құрады.
2017 жылы Еуропа құрлығына 671 млн турист барса, Азия-Тынық мұхит өңірлеріне - 324 млн, Америкаға - 207 млн, Африкаға - 62 млн және Таяу Шығысқа 58 млн турист барған.