Оның атап өтуінше, екі аптадан кейін елордада қауіпсіз қала ілкі жобасы іске қосылатын болады.
«Қазірдің өзінде бізде бұл жүйе ілкі нұсқада жұмыс істеп тұр. Бұл жүйе қаладағы көлік ағынын реттеуге мүмкіндік беретін болады», - деді қала басшысы.
И.Тасмағамбетовтің сөзіне қарағанда, қаладағы көлік инфрақұрылымын жаңғырту, халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жобаларды жүзеге асыру қолға алынған.
«Біз экологиясы таза, өмір сапасы стандарттары жоғары түбегейлі жаңа инновациялы қала құру мақсатын алға қойып отырмыз», - деді ол.