«Биыл қуаты сағатына 480 Гкал болатын ЖЭО-3 энерготасығышы құрылысының бірінші кезеңі басталады. Жалпы ол 2017 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қазіргі уақытта 2016 жылға жұмыс жоспары жасалды»,- деп атап өтті Қ.Айтмұхаметов.
Сонымен қатар, «Астана-Энергия» АҚ-ның жеке қаражаттары мен инвестициялық бағдарламалары аясында елордадағы ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 энерготасығыштары жаңғыртылады.
Айта кетейік, қуаттылығы 480 Гкал/сағ болатын ЖЭО-3 бірінші кезегінің құрылысы 2010 жылы басталған болатын.
Осы мақсатта 14 млрд теңге, соның ішінде ЖЭО-1 қалпына келтіруге - 3,6 млрд теңге, ЖЭО-2 қалпына келтіруге - 5,1 млрд теңге, ЖЭО-3 құрылысына - 5,3 млрд теңге бөлінді.