Құжат Қазақстандағы зейнетақы жүйесін одан әрі жағыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру болып табылады. Заң жобасы Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртуды көздейді, ол зейнеткерлік жаста лайықты өмір сүру деңгейі үшін зейнетақы төлемдерінің барабарлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құжатпен таныстырған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, зейнетақы жүйесін жаңғыртуға байланысты 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің зейнетақысын реформалау, 2017 жылдын 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы таға йындау тәртібін өзгерту, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің қаражаты есебінен қосымша 5 пайыздық жарналарын енгізу көзделеді.
«Қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін жұмыс берушілердің жарналары есебінен қызметкерлердің табысынан 5 % мөлшерінде қалыптасатын жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышымен толықтыруды көздейді. Зейнетақымен қамсыздандырудың барабарлығын сақтап қалу үшін 2018 жылдан бастап зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу ұсынылады», - деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова.
Жаңа жүйе зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы, сол сияқты таратушы қағидаттарын қолдайды. «БЖЗҚ» АҚ-да ашылған шартты зейнетақы шоттарына жұмыс берушілер пайдасына олардың табыстарынан міндетті 5 %-дық зейнетақы жарналарын аударатын қызметкерлер зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып табылады.
Қызметкер зейнеткерлік жасқа жеткен және қатысу өтілі бес жылдан кем болмаған жағдайда шартты-жинақтаушы құрамдауышынан берілетін зейнетақы мөлшері шартты зейнетақы шотында қалыптасқан зейнетақы міндеттемелеріне және күтілетін өмір сүру ұзақтығына байланысты айқындалатын болады.