«Есепті кезеңде Қазақстанда мұнай өндіру қарқыны төмендеуіне қарамастан, алдағы жылдары өндіру деңгейі артатын болады. 2017 жылы мұнай өндіруді 86 млн. тоннаға дейін, 2020 жылы - 104 млн. тоннаға дейін арттыруды жоспарлаудамыз», - деді ол. Ұ. Қарабалин мұнай өндіру көлемінің артуын Теңіз кен орнында өндірістің кеңеюімен және Қашаған кен орнында мұнай өндірудің жандануымен байланыстырып отыр. Бұдан бұрын Энергетика министрі Владимир Школьник 2015 жылы 80,5 млн. тонна деңгейінде мұнай өндіру жоспарланғанын айтқан еді. 2014 жылы мұнай мен конденсатты өндіру 80,8 млн. тоннаны құраған болатын немесе 2013 жылғы деңгейге 90,8 пайыз.
12:09, 25 Ақпан 2015
2017 жылы Қазақстан мұнай өндіруді 86 млн. тоннаға дейін арттырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстан 86 млн. тонна мұнай өндіреді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.