Вице-министр өз сөзінде еліміздегі Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын еске салып өтті.
«Жаңғыртуды аяқтау біздің ағымдағы ашық түсті мұнай өнімдері импортына тәуелділігімізді толығымен шешуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге К4 және К5 сыныпты өнімдерді шығаруды жолға қояды. Мұнан бөлек, мұнай өңдеу көлемін қазіргі уақыттағы жылына 15 миллионнан 17,5 миллион тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді», - деді М.Мырзағалиев.
Айта кетерлігі, Атырау зауытын жаңғырту осы жылдың соңында аяқталса, ал Шымкент пен Павлодар зауыттарын жаңғырту келер жылға жоспарланып отыр.