2017 жылы Қазақстанда экспорттық және импорттық операциялардың бірыңғай терезесі жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстанда экспорттық және импорттық операциялардың бірыңғай терезесі жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Жанат Шаимов мәлім етті.

"Кедендік тазалау барысында рұқсат құжаттары мен лицензиялар табыстауы қажет. Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары әрбір кедендік тазалау кезінде олардың қолында рұқсат қағаздары мен лицензиялары барын дәлелдейді және оны кедендік рәсім кезінде ұсынуы тиіс. Жақында оның барлығы өзгереді. Бұл тапсырманы бізге Ұлт Жоспарында Мемлекет басшысы тапсырды", - деді Ж.Шаимов.

Оның сөзіне қарағанда, Ұлт Жоспарының 38-қадамы бойынша, экспорттық және импорттық операцияларды атқару үшін бірыңғай терезе ашу қарастырылған.

Бірыңғай терезе - барлық қадағалаушы органдар қарым-қатынасының ортақ жүйесі. Онда "Е-Лицензиялау" деректер базасы негізінде берілген барлық құжаттар мен лицензиялар ықпалдастырылған.

Ол "электронды үкімет" төлем шлюзімен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің "бірыңғай автоматтандырылған жүйесімен, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "дәрі-дәрмекпен қамту" бірыңғай жүйесімен, ІІМ-нің ақпараттық жүйелерімен ұйымдастырушылық-теxникалық байланыста болады.

Ж.Шаимовтың xабарлағанындай, аталған бірыңғай терезе 2017 жылы іске қосылмақ және кедендік рәсімнің уақытын едәуір қысқартуға септігін тигізеді деп жоспарлануда.