Сонымен Ұлттық банк баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, 2017 жылдың 11 айының ішінде Қазақстанға екінші деңгейлі банктер арқылы 3 048 892 000 АҚШ доллары әкелініп, 114 479 000 АҚШ доллары шығарылды, 285 618 000 еуро әкелініп, 20 614 000 еуро шығарылды, 34 746 000 000 ресейлік рубль әкелініп, 5 532 383 000 рубль шығарылды.
15:13, 04 Қаңтар 2018
2017 жылы Қазақстанға қанша валюта әкелініп, қаншасы шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі өткен жылы Қазақстанға қанша валюта әкелініп, қаншасы шығарылғандығын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.