Жыл сайын мұнда 35-тен астам заңды тұлғалар тіркеуден өтеді. Қытайдың іскерлік орталарының Қорғасқа қызығушылығын арттырған негізгі фактор -«Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясында қытай билігімен құрылған пұрсаттық тәртіптеме.
Басылым мәліметінше, 2017 жылдың 28 қарашасында бұл жерде трансшекаралық «Қорғас жаңа Жібек жолы» қаржылық қаласы ашылған. Алдағы уақытта ҚХР билігі бұл жерді Жібек жолының экономикалық белдеуі бойындағы халықаралық қаржылық хабқа айналдыруды жоспарлап отыр.