2017 жылы Петропавлда К-700 ауыл шаруашылық теxникасы шығарылады
Бұл зауытта қазір «Сампа Азия» атты комбайндар да құрастырылатындығын атап өткен жөн.
«Ауыл шаруашылығында озық үлгідегі теxникалар қолданылады. 25 жыл ішінде өңірде 160 млрд. теңгеге 16 мың бірлік теxника сатып алынған. Екі жыл болды, астық жинауға біздің СҚО-да шыққан «Сампа» комбайндары қолданылуда. Аграрийлер оның сапасына оң бағасын беріп жатыр. Бағасы да қолжетімді. Шетелдік комбайндардан еш кем емес», - деді әкім орынбасары.
Оның айтуынша, биыл Петропавлда «Батыр» брендтік атауымен К-704 теxникасы шығарылды. Олардың да бағасы арзанырақ және теxникалық мүмкіндіктері бойынша өзге модельдерден қалыс қалмайды.
«Осы зауытта егін егетін кешендер құрастыру жоспарлануда. Келесі жылдан бастап, бізде өзіміздің егін егетін кешендеріміз болады. Сонымен қатар гербицидтер шашатын теxниканы да шығарып жатырмыз, қазір шамамен 500 данасы құрастырылды. Біздің облыс қана емес, оны өзге өңірлер де сатып алуда. «Қазтеxмаш» зауытында К-700 (744) моделін шығару жоспарлануда. Қазір келісім жасалды, меніңше, бұл жұмысты жаңа жылда бастаймыз», - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.