Аталып өтілгендей, 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында әкімшілік полиция органдары 1170584 автокөлік құралдарын есепке қойған, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,2%-ға артқан. Оның ішінде 1100684 техниканың иесі ауысуына байланысты қайта тіркелген, бұл көрсеткіш былтырғымен (920654 дана) салыстырғанда 19,6%-ға өскен. Бірінші рет тіркелген автокөлік құралдарының саны 69 900-ға (13,7%-ға) артқан.
2017 жылдың желтоқсанында есепке қойылған көлік құралдарының саны 96773 бірлікті құраған. Бұл - өткен жылғы көрсеткіштен 8,7%-ға көп.
2017 жылы қайта тіркелген көлік құралдарының үштен екі бөлігін (66%) 10 жылдан асқан көліктер құрайды. 20 жылдан асқан көлік құралдары ең көп үлеске ие болса (36,2%, немесе 398 152 бірлік), 11-20 жыл аралығындағы көліктер саны - 29,4% (324 023 бірлік), 8-10 жыл - 9% (99 492 авто), 4-7 жыл - 16,6% (183012), 1-3 жыл аралығындағы көліктер саны - 7,6% (83985 авто), 1 жылдан аз уақытты құрайтын көліктер саны - 1,1% (12 020 бірлік) болған.
Бұл көрсеткіштер отандық автопарктің ескіріп жатқанына дәлел бола алады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша қайта тіркелген көліктердің ең көп саны Алматы облысында (167 435), Оңтүстік Қазақстан облысында (148 048) және Алматыда (136 079) тіркелген.