Кездесу барысында тараптар қазақстандық-вьетнамдық екіжақты қатынастардың ағымды ахуалы мен келешектерін талқылады. Өзара мүдделілік танытқан түрлі салаларда ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірілді.
ВОФ ОК Төрағасы қазақстандық-вьетнамдық қатынастардың одан әрі серпінді дамуы үшін мүмкіндіктің мол екендігін атап өтіп, сауда-экономикалық салада ықпалдастықты жандандырудың маңыздылығына назар аударды. Бұл ретте, сұхбаттасушы 2016 жылғы 5 қазанда күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақ қатысушы елдері мен Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімнің мүмкіндігін барынша пайдалану қажеттілігіне тоқталды.
Өз тарапынан Б.Жұмаханов сұхбаттасушыны «Нұрлы жол» атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын орындау аясында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі үрдістері мен «Қазақстан Республикасының әрі қарай мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы» ұлттық Жоспарының негізгі ережелері жөнінде хабардар етті. Елші сондай-ақ қауіпсіз әлемнің негіздерін нығайтуға және әскери қақтығыстар мен ядролық апатты азайтуға бағытталған «Әлем. ХХІ ғасыр» жалпыәлемдік даму жаһандық стратегиясы бойынша Елбасының бастамасы жөнінде айтты.
Елші «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне дайындық барысы жөнінде хабардар етіп, вьетнам тарапын осы көрмеге белсене қатысуға шақырды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастыққа келгенде, қазақстандық дипломат Қазақстанның көліктік-транзиттік әлеуеті, контейнерлік тасымалдау арқылы, оның ішінде «Ляньюньган» (ҚХР) теңіз портындағықазақстандық терминал арқылы түрлі бағыттар арқылы жеткізуге болатындығын және олар тасымалдау уақытын әлдеқайда қысқартатыны жөнінде айтты.
Сұхбат соңында Нгуен Тхиен Нян елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды жоғары бағалап, өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Елшіліктің бастамалары мен күш-жігерін толық қолдайтынын атап өтті.
Осы ретте, ВОФ ОК Төрағасы тараптар келесі жылы атап өтетін дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25-жылдығына қарай Вьетнамнан Қазақстанға алғашқы темір жол жүкті құрам жеткізілетіне үміт артты.