Бұл челябілік метеоритпен салыстырғанда, әлдеқайда ауқымды.
ТС4 ғарыш нысаны Жерге 2017 жылдың 12 қазанында жақындайды. Астероидтың диаметрі - шамамен 40 м. Салыстыру үшін айта кетсек, челябілік метеориттің диаметрі 17 м болған еді, ол құлаған сәтте 1,5 мыңнан астам адам мен 7 мыңнан астам ғимарат зардап шекті. Ал TC4-тің әкелетін зардабы одан да көп болуы мүмкін.
Қазір мамандар ғарыш денесінің Жермен қақтығысуының қаншалықты мүмкін екенін нақтылау үшін оның орбитасын анықтауға тырысып жатыр. Алайда Еуропалық ғарыш агенттігінің астрономдары мұндай жағдайдың миллионға шаққанда небәрі бір ғана ықтималдықты құрайтынын айтып, сабырға шақыруда. Бұл пікірді НАСА да бөлісіп отыр.
Айта кетейік, бүгінде астрономдар Жерге қауіп төндіруі мүмкін 1,5 мыңнан астам астероидты анықтады. 2013 жылы 15 ақпанда Челябіде метеорит құлағаннан кейін бірқатар елдерде ғарыштың осындай алапаттарынан қорғану қажеттігі мәселесі қозғалған еді.