2018/19 Чемпиондар лигасы топтарының құрамы белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 30 тамызда Чемпиондар лигасының 2018/19 маусымындағы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды championat.com.

Жеребе қорытындылары бойынша Чемпиондар лигасы топтарының құрамы:

 А тобы: «Атлетико» (Испания) «Боруссия» Д (Германия), «Монако» (Франция), «Брюгге» (Бельгия).

B тобы: «Барселона» (Испания), «Тоттенхэм Хотспур» (Англия), «ПСВ Эйндховен» (Нидерланды), «Интер» (Италия).

C тобы: «ПСЖ» (Франция), «Наполи» (Италия), «Ливерпуль» (Англия), «Црвена Звезда» (Сербия).

D тобы: «Локомотив» (Ресей), «Порту» (Португалия), «Шальке-04» (Германия), «Галатасарай» (Түркия).

 E тобы: «Бавария» (Германия), «Бенфика» (Португалия), «Аякс» (Нидерланды), АЕК (Грекия).

F тобы: «Манчестер Сити» (Англия), «Шахтёр» (Украина), «Лион» (Франция), «Хоффенхайм» (Германия).

G тобы: «Реал» (Испания), «Рома» (Италия), ЦСКА (Ресей), «Виктория Пльзень» (Чехия).

H тобы: «Ювентус» (Италия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Валенсия» (Испания), «Янг Бойз» (Швейцария).

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алғашқы матчтары 18 қыркүйекте басталады.Топтардағы соңғы ойындар 12 желтоқсанда өтеді.  2018/19  маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 2019 жылы 1 маусымда Мадридтегі «Метрополитано» стадионындағы «Атлетико»аренасында болады.