2018 жылға дейін Қазақстанның тау-кен металлургиялық саласында 1,3 трлн. теңге игеріледі - Президент

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылға дейін Қазақстанның тау-кен металлургиялық өнеркәсібінде жалпы сомасы 1,3 трлн. теңгені құрайтын 31 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Тау-кен металлургиялық өнеркәсібін дамыту бойынша 5 жылдық жоспарға сәйкес, 2018 жылға дейін жалпы сомасы 1,3 трлн. теңгені құрайтын 31 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған»,-деді Президент. «Геологиялық барлау ведомствосы бізде жоқ. Барлық кәсіпорындар өндіріп жатыр және ешқайсысы қордың көлемін арттырып отырған жоқ. Біз әзірлеген осы бағдарлама бойынша болжамды ресурстардың өсімі болады деп күтілуде. Мәселен, алтын 400 тоннаға дейін, мыс, полиметан - 12 млн. тонна, сондай-ақ мұнай-газ және басқа ресурстар бойынша бұдан жоғары өсім жасалмақ»,-деді Президент.