«Білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамытуға Ұлттық қор қаражаты есебінен 33 млрд. теңге бөлінеді. Аталған қаражат мектептерді, балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерді салуға және ЖОО-да ғылыми зертханаларды құруға бағытталады»,- деді ол.
Нәтижесінде, орта білім беру жүйесінде Ұлттық қордың қаражаты есебінен апаттық мектептердің орнына және үш ауысымда оқытуды жою үшін өңірлерде жалпы білім беретін жаңа мектептер салынады және пайдалануға беріледі.
«Жалпы, Ұлттық қордың, республикалық бюджеттің және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен мектептер салуды ескере отырып, 2018 жылға қарай апаттық мектептер мен үш ауысымды оқыту жойылады. Аталған іс-шараларды Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларымен қатар іске асыру алдағы үш жыл ішінде 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтуды кемінде 85 пайыздық деңгейге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті М.Құсайынов.
Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламасын мамандандырылғын кадрлармен қамтамасыз ету үшін базалық деп айқындалған 10 жоғары оқу орны жанынан 24 жаңа зертхана құрылады. Барлық зертханалар әлемдік стандарттардың талаптарына сай келетін болады.