«Соңғы жылдары телекоммуникация мен пошта байланысы нарығы қарқынды дамып келе жатыр. Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық рейтингінде Қазақстан ұялы байланыс абоненттері саны бойынша жан басына шаққанда 7-орында»,-деді министр.
Сонымен қатар Д. Абаев кең жолақты Интернетке қолжетімділік тұрғысында Қазақстан 58-орында екенін, ал Интернетке мобильді қолжетімділік бағытында абоненттер саны бойынша 44-орында тұрғанын жеткізді.
«Бүгінде қазақстандықтардың 70 пайызынан астамы Интернет желісінде пайдаланушы болып табылады. Ауылдық жерлерді мобильді байланыспен қамту жоспарлы түрде кеңейіп келеді. Халықты сандық эфирлік хабар таратумен қамту 77 пайызды құрады, дегенмен де бұл көрсеткішті 2018 жылға қарай 95 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз»,-деді министр.