2018 жылғы Баку марафонының жеңімпазы анықталды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан астанасында 2018 жылғы ауқымды марафон жарысы өтті, деп хабарлайды Тренд агенттігі.

Жарыс қорытындыларына орай, украиналық желаяқ Игорь Олетиренко «Баку марафоны-2018» жеңімпазы атанды.
 

 Ирандық Магомед Джафар мәре сызығын кесіп өткен екінші спортшы болды, ал үшінші орынды Түркия өкілі Омар Алканоғлы еншіледі.
 

Биыл Баку марафонына 18 мың адам қатысты.

Оған тек әзербайжандықтар ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан, Италия, Франция, Ресей, Түркия, Иран, Грузия, Украина, Беларусь, Ұлыбритания, БАӘ, Ирак, АҚШ, Қытай, Малайзия, Үндістан, Жапония, Өзбекстан, Түрікменстан, Колумбия, Литва, Латвия, Германия және Чехия елдерінің өкілдері де қатысты.

Соңғы жаңалықтар