2018 жылғы күрестен әлем чемпионатын Будапешт өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күрестен әлем бірлестігінің атқарушы комитеті (UWW) дүйсенбіде 2018 жылғы әлем чемпионатын өткізетін қала ретінде Будапешт таңдалғанын жария етті. Бұл туралы ТАСС агенттігі аталмыш ұйымның баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлады.

Сонымен қатар Венгрия астанасы 2017 жылы өтетін 23 жасқа дейінгі палуандардың арасында Еуропа чемпионатын да өткізеді. Бұдан басқа

2016 жылдың 10-11 желтоқсанында Венгрияда олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионаты ұйымдастырылады.