Бұл туралы Prensa Latina агенттігі хабарлады. Француз астанасының әкімшілігі бұл шешімді қаладағы террористік қауіп деңгейінің жоғарылауына байланысты қабылдаған. Қабырғаны 2018 жылдың соңына қарай тұрғызуды жоспарлауда. Жобаның құны шамамен - 20 миллион еуроны құрайды. Қабырғаны футболдан Еуропа чемпионатына орай 2016 жылы салынған металл қоршаудың орнына тұрғызады.
15:27, 28 Наурыз 2017
2018 жылы Эйфель мұнарасын оқ өтпейтін шынымен қоршайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж билігі Эйфель мұнарасын биіктігі 2,5 метрлік оқ өткізбейтін шынымен қоршау туралы шешім қабылдады.