2018 жылы футболдан әлем чемпионы 38 млн долларға ие болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы Әлем чемпионатының ақтық сынына қатысқан 32 футболшының әрқайсысы 8 миллион долларға ие болады.

Бұл туралы жұма күні Үндістанның Калькутта қаласында өткен ФИФА кеңесінің отырысында белгілі болды. Турнирдің финалисі 28 миллион алса, қола жүлдегер 24 млн, ал жартылай финалист 22 миллионға ие болады. 

Ал, ширек финалға іліккен командалар 16 миллионнан, ал жартылай ширек финалдың қатысушылары 12 млн табыс табады, деп хабарлайды ФИФА сайты.

Сондай-ақ  2018 жылғы Әлем чемпионатының сыйлық қоры 400 миллион доллар болып бекітілді.

Бұл 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатындағы көрсеткішпен (358 млн) салыстырғанда,  12%-ке көп.

Айта кетейік, 2014 жылы Бразилияда төртінші рет әлем чемпионы атанған Германия құрамасы 35 миллион, ал Әлем чемпионының финалисі болған Аргентина құрамысы 25 млн қаржыға кенелді.