Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде қазіргі кезде 21 интернат жұмыс жүргізуде.
«Жалпы мектеп жасындағы балалар саны 2 178-ге жететін 113 елді мекенде мектеп жоқ. Оның үстіне оуқшылары аз нормативке сәйкес келмейтін кейбір мектептер жабылып жатыр. Мұндайда мектеп-интернаттарының маңызы зор», - дейді білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев.
Интернаттарды тексеру барысында олардың басым көпшілігі тозып, жөндеуді, бейнебақылау камерасын орнатып, заманауи жиһаздармен қамтамасыз етуді талап ететіндігі анықталды.
Есептеулерге қарағанда, мектеп-интернаттарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 89,9 млн теңге, жөнделетін ғимараттарға - 609,1 млн теңге, ал құрылысқа 1,1 млрд теңге кетеді.