«2018 жылдың аяғына дейін Павлодардың 46 мың тұрғынын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жоспарланған. Сонымен қатар біз су қолжетімділігінің көрсеткішін 23,8 пайыздан 27 пайызға дейін ұлғайтамыз. 2020 жылға қарай аймақтарды дамыту бағдарламасының аясында орталық сумен қамтамасыз ету обьектілерінің қолжетімділігін арттырып, тұрғындардың 62 пайызына сапалы ауызсу жеткіземіз. Халық саны азайып қалған ауылдарға да ауызсу құбырын тартамыз», - деді Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы Мақпал Лепесова.
М.Лепесованың айтуынша, ауылдарға кешенді блок-модульдер (КБМ) және жеңіл су құбырларын тарту жоспарланған. КБМ 29 ауылға қойылса, 16 елді мекенге жеңіл құбырлар тартылады.
«Биыл республикалық бюджеттен 8,1, облыстық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланған»,-деді М. Лепесова.