«2018 жылы парақорлық қылмысына қатысты 7 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Олардың ішіндегі 5 қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері болса, біреуі Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызмет департаментінің және тағы бірі Мемлекеттік басқару академиясы филиалының қызметкері. Қазіргі уақытта 7 офицерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген агенттіктің хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеу амалдарын тоқтату үшін кәсіпкерден 1 миллион теңге болатын параны талап еткен Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық бюро департаментінің аса маңызды істері жөніндегі офицері А. ұсталған. Оны ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері құрықтаған.
Сол секілді, қылмыстық іс бойынша заттай дәлел болып табылатын 200 мың АҚШ доллары көлемінде ақшаның ұрланғаны анықталған. Оны ОҚО (қазіргі Түркістан облысы) бойынша Ұлттық бюроның департаментінің Б. есімді тергеушісі жымқырған. Жасалған қылмыстың ауыр болуына байланысты оның жасөспірім балаларының болғанына қарамастан, сот оны екі ай мерзімге қамауға алған.
Қаражаттың жымқырылуына байланысты аталған іс бойынша дәл осы аймақта жедел-тергеу тобының басшысы жұмыстан босатылып, тергеу басқармасының бастығы мен аймақтық орган басшысының орынбасары лауазымынан айырылған. Сонымен бірге, бақылауды әлсіреткені үшін Ұлттық бюроның тергеу және аумақтық департаменттерінің бастықтары тәртіптік жауапқа тартылған.
Сол секілді өздеріне бағынышты қызметкерлер парақорлық қылмысқа жол берген Қостанай облысы бойынша Ұлттық бюроның жедел басқармасының бастығы мен департамент бастығының орынбасары лауазымынан айырылған. Ал департамент бастығына ескерту жарияланып отыр.
22:00, 27 Ақпан 2019
2018 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 5 өкілі сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің 5 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап.