Компанияның сайтында орналасқан картада мемлекеттер туристер үшін қауіптіліктің деңгейіне байланысты әртүрлі түстермен көрсетілген.
Саяхаттау үшін аса қауіпті елдер қызыл түспен белгіленген. Оларға Сирия, Мали, Ливия, Оңтүстік Судан, Йемен, Ауғанстан және Сомали жатады.
Туристерге барынша қауіпсіз саналатын елдер жасыл түспен көрсетілген, олар - Финляндия, Норвегия және Исландия.
Ал Қазақстан, Ресей, Қытай, Бразилия «қауіптілік деңгейі тез өзгеретін» елдерге жатқызылған.
Сары түспен айшықталған Қара теңіз маңында орналасқан Түркия, Украина сияқты мемлекеттердің қауіптілік деңгейі орташа саналады.
Қызғылт сарымен белгіленген қауіпті елдер қатарында Өзбекстан, Моңғолия және Африканың бірқатар елдері бар.