«Қазақстандағы әлеуметтік лифтілердің тиімділігін арттырудың маңызды тетіктерінің бірі – бұл «Жастар тәжірибесі» жобасы. Ол жұмыс іздеуші жастарға қажетті тәжірибе алуға және әлеуетті жұмыс берушімен байланыс орнатуға көмектеседі. Жобаның механизмі өте қарапайым: ЖОО түлегі еңбек биржасында жұмыссыз ретінде тіркеледі. Ал жұмыспен қамту бөлімдері оларды нақты бейіндегі мамандар қажет ететін компаниялар мен мемлекеттік органдармен байланыстырады. Мұндай тәжірибеден өтушіге бюджет есебінен 6 ай бойына 60 мың теңгеден астам мөлшерде қаражат төленеді. Бұл өте жақсы тәжірибе», - деді ол.
Министрдің айтуынша, 2019-2021 жылдары жобаға қатысушылар санын 30 мыңға дейін ұлғайту көзделген.
«Посткеңестік аумақта бұл – теңдесі жоқ жоба. Бұған ұқсас тәжірибе тек Еуроодақ елдерінде бар. Сонымен қатар, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша мамандарға берілетін біржолғы жәрдемақы көлемі 70-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Бұдан басқа, 3 миллион 700 мың теңгеге дейін тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер беру қарастырылған», - Д.Абаев.