«Автомобиль жасау Қазақстанның машина жасау саласының жаңа бағыты болып саналады. Ұлттық автомобиль құрастыруды дамыту экономиканың басқа салаларына мультипликативті әсер етеді. Жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Қазіргі сәтте бұл сектордағы жұмыс орындарының саны шамамен 2 мың адамға, ал өнеркәсіптің аралас салаларындағы жұмыс орындарының саны 7 мың адамға жетеді», - деді Аманияз Ержанов.
Оның дерегінше, бүгінгі күні республика аумағында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Азия Авто» АҚ, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «Hyundai Trans Auto» ЖШС сияқты жеңіл және жүк автомобильдерінің ірі өндірушілері жұмыс істейді. JAC, Ravon, IVECO, GM, Skoda, Peugeot, Kia, Hyundai, Daewoo, Renault, Nissan, АВТОВАЗ сияқты әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастық саласында жұмыстар жүргізілуде.
«Нәтижесінде, Қазақстанда автокөлік құралдарының барлық түрлерін жинау бойынша өндіріс құрылды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы автомобиль жасау үлесі 19,2 пайызды құрады. Ал 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында машина жасау саласындағы автомобиль жасау үлесі 25,4 пайызға дейін өсті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 205 млрд теңгені және 32 298 көлік құралын құрады. Машина жасау саласының нақты көлем индексінің көлемі 2018 жылы 114 пайыз болды. Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 114 млрд теңге сомасына 16 921 бірлік көлік құралдары өндірілді. Жеңіл автомобильдер өндірісі 41,5 пайызға, автобустар 3,2 есеге, жүк автомобильдері 35 пайызға және тіркемелер мен жартылай тіркемелер 35 пайызға өсті», - деді ол.